Daily Telegraph газетінің жазуы бойынша "Манчестер Юнайтед" командасы Морган Шнейдерленді трансферге қоймақшы. Бұл ойыншының "қызыл сойқандарға" қатты керегі болмай шықты. Кезінде қомақты қаржыға алынған француз жартылай қорғаушысын олар 20 миллион еуро деп бағалап отыр. Қызығушылар қатарында "Эвертон" мен "Вэст Хэм" бар.