22 жасында қайтыс болған британиялық боксшы Куба Мочик науқастарға донор болды, деп хабарлайды Mirror. Мұндай шешімді қабылдаған Мочиктің туыстары. Спортшы кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жекпе-жегінен кейін көз жұмған.

Үшінші раундта ауыр соққы алған боксшының миына қан құйылып кетті. Ал келесі күні, 21 қарашада ол көз жұмды. Мочиктің ағза мүшелері мұқтаждарға берілетін болды.