Теннистен Аргентина құрамасы өз тарихында тұңғыш рет Дэвис кубогының иегері атанды.

Финалда Аргентина құрамасы 3:2 есебімен Хорватия командасын тізе бүктірді.

Ақтық кездесуде Федерико Дельбонис Иво Карловичтен айласын асырып, өз командасына жеңіс сыйлады.