"Атлетиконың" фанаты Чемпиондар лигасының финалындағы нәтиже үшін УЕФА-ны сотқа берді.

Хосе Антонио Кампонның пікірінше, финалдағы ойынның есебі әділетсіз. Биылғы финалда "Реалдың" қорғаушысы Серхио Рамос голды офсайдтан соққан. Оның айтуынша, бұл оқиға ойын тағдырын өзгертіп тастаған екен.

Енді "Атлетиконың" фанаты УЕФА-ны сотқа беріп, билет үшін 150 еуро және моральдық нұқсат келтіргені үшін 1500 еуро сұрап отыр.

Кампон AS-қа берген сұхбатында мұндай жағдайларға тап болмас үшін, бейнеқайталаулар енгізу керек екенін айтты.

Айта кетейік, финалда "Реал Мадрид" пен "Атлетико" тең түсіп (1:1), пенальти сериясыда "Корольдік клуб" жеңіске жеткен еді.