"Қайраттың" бұрынғы шабуылшысы Леандре Тавамба мансабын Қазақстанда жалғастыра беруі мүмкін. Бұл туралы сербиялық БАҚ өкілдері жазды.

- Леандре, "Партизанға" ауысқалы жатқаның рас па?

- Дәл қазір осы клубпен келіссөз жүргізіп жатырмын.

- Ал қазақстандық клубтар саған ұсыныс жасамады ма?

- Кейбірі маған қызығушылық танытқан, олармен де қазір сөйлесіп жатырмын, бірақ қай клубтар екенін атап айтпай-ақ қояйын. Кез келген жағдайда, мансабыма жақсы болатын жерге барғым келеді.