Неміс Бундеслигасының көшбасшысы "РБ Лейпциг" 12-турда "Фрайбургтан" басым түсті.

Кездесу «Шварцвальд-штадионда» өтіп, қонақтардың жеңісімен аяқталды - 4:1.

Осы матчтан кейін "РБ Лейпциг" 30 ұпай еншілеп, екінші орындағы "Бавариядан" алты ұпайға озып кетті. Ал "Фрайбург" 15 ұпаймен оныншы сатыда келеді.

Фрайбург (Фрайбург) – РБ Лейпциг (Лейпциг) – 1:4 Голдар: Кейта, 2 (0:1); Нидерлехнер, 15 (1:1); Вернер, 21 (1:2); Вернер, 35 (1:3); Забитцер, 79 (1:4). Ескертулер: Штенцель, 18; Хефлер, 63 – Орбан, 32; Шмиц, 42; Поульсен, 49.