«Қайраттың» бас бапкері Какау «Реал Риетимен» өткен матч (3:2) жайлы өз пікірін айтты.

- Барша жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтаймын. Бұл өте тартысты ойын болды. «Реал Риети» біз ойлағандай мықты ойын көрсетті. Он метрлік соққының арқасында жеңіске жеттік. Өкініштісі, біздің жігіттер бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Бүгінгі ойында Игитаны ерекше атап өткім келеді. Ол – нағыз батыр. Жарақатына қарамастан негізгі құрамда шығаруды сұрады. Есесіне, «Реал Риети» Игитаның шабуылға қосылған сәттерін ұтымды пайдаланды. Ал 4х4 ойында біз олардан басым болып, әділетті жеңіске қол жеткіздік, - деді алматылық клубтың бас бапкері.