21-22 қараша аралығында жасөспірімдер арасындағы JTNC сериясындағы халықаралық турнир өтті.

Қазақстандық Дәулет Түлеубаев халықаралық аренадағы кезекті жеңісіне жетті. 17 жастағы алматылық Калифорнияда өткен JTNC сериясындағы турнирда жеңімпаз атанды. Жарыс ең көне гольф алаңдарының бірі Del Monte Golf Courseat Pebble Beach Resorts жағалауында өткен.

Жарысқа АҚШ, Мексика, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия, Испания және Швециядан келген 52 спортшы қатысқан. Тартысты кездесуде Дәулет америкалық Ойэн Авриттың қолынан жеңісті жұлып әкетті.

Айта кетейік, Калифорниядағы турнирмен Дәулет үш турнирдан тұратын күздік турнирлар сериясын аяқтады. Осыған дейін ол Сан-Хоседе өткен FCWT ( Future Collegians World Tour ) сериясындағы турнирде 79 ойыншының ішінде үшінші орын алса. 22-23 қазанда өткен La Costa Carlsbad алаңында өткен турнирда Түлеубаев екінші орын алған болатын.