АҚШ футбол Федерациясының ресми сайтына сүйенсек, Брюс Арена Америка құрамасының тізгінін ұстады.

Бұған дейін 65 жастағы маман сегіз жыл бойы "Лос-Анджелес Гэлаксиді" жаттықтырып, командамен бірге үш рет ел біріншілігін жеңген.

Естеріңізге сала кетсек, 1998-2006 жылдар аралығында Брюс Арена АҚШ құрамасын баптаған болатын. 2002-ші жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында Америка құрамасымен ширек финалға дейін жетті.

Брюс Арена АҚШ құрамасының бас бапкері қызметінде германиялық Юрген Клинсманнды алмастырды.