Ростов – Бавария

Құрбан Бердыев аракідік сенсация жасап тұратын маман. Ресейде оның үстіне қазір күн де суық. «Баварияның» соңғы матчтарды қалай өткізгенін білесіздер ме? Өте нашар. Дортмундқа барып жеңіліп келді. Сондықтан да, ойлана келе бұл ойынға Ростов +2,5 фора алсаңыздар болады. Ал негізі түбінде «Бавария» жеңген күннің өзінде тек 1 ғана гол басымдылығымен жеңетін шығар. «Иранның Мессиі» Сердар Азмун мен Дмитрий Полоз да оңай шабуылшылар емес.

Атлетико – ПСВ

Алаң иелері анық фаворит. Олар топта бірінші орын алғысы келеді. Ол үшін осы ойында 3 ұпай алған дұрыс. Себебі, соңғы матчта олар немістерге қонаққа барады. Демек, бірінші команданың жеңісі дегенді алайық.

Арсенал – ПСЖ

Екеуі де келесі кезеңге өтіп қойған. Қарсыластары тым әлсіз болды. Бұл ойында ашық матч күтіледі. Яғни, қорғанысқа қатты көңіл бөлмей, екі команда да шабуылға иек артады екен. Бұл сөзді Арсен Венгер айтты. Демек, екеуі де гол соғып, жалпы тотал 2,5тен көп болады-ау.

Лудогорец – Базель

Екі аутсайдер 3-орынға таласады. Болгариялықтар шабуылды жақсы жүргізеді. Бразилиялық легионерлері бар. Бұл екеуінің де ұпайлар саны біркелкі. Сондықтан да, асықпайтын ойын көреміз ау. Матч тағдырын бір гол шешеді. Оны кім соғары белгісіз. Алаң иелері шығар.

Наполи – Динамо

Бұл жерде аса қатты ойланудың керегі шамалы. Жеңісті алаң иелері тойлайды. Ыдырыс Мертенс секілді мықты ойыншылар жарақаты бар Жармоленколарды тұсап салады.

Бешікташ – Бенфика

«Б-лардың» бәсекесі. Екеуі де гол соққыш. Қорғаныстары нашар. Демек, екеуі де гол соғады деген дұрыс. Ал жалпы мәселеде алаң иелері мықтырақ.

Селтик – Барселона

Қонақтар айқын басымдылық көрсетеді. Олардың жеңісіне де біршама жақсы коэфицент ұсынылған. Суарес бастаған жігіттер «Селтиктің» саутамдығын қалдырмас.

Боруссия М – Манчестер Сити

Гвардиоланың гвардиясы ешкімді аяйын деп тұрған жоқ. Ағылшындар жеңеді деп сенімді айтуға болатын секілді. Себебі, ұпай да қатты керек болып тұр. Оның үстіне Пеп өткен жылы Бавариямен жүргенде Менхенгладбахта талай еңісті тойлаған.