«Астананың» қорғаушысы Юрий Логвиненко биылғы маусым алдында ресейлік клубқа ауысуға жақын болғанын айтты.

Ел кубогының финалындағы жеңісінен кейін Логвиненко біздің тілшімізге биылғы маусымды Ресей чемпионатында бастауға жақын болғанын мәлім етті. РПЛ клубы Юрийге ұсыныс жіберген, бірақ қазақстандық қорғаушы «Астанаға» ауысуды жөн көрді.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана белгілі болғандай, ресейлік «Ростов» Покатиловтан өзге өз командасына Логвиненконы қоспақшы болған.