Қатар құрамасының бас бапкері Хорхе Фосатти жұмыстан кетемін деп мінез көрсетті. Оның басты себебі осы елдің футбол федерациясы жерсіндірілген футболшыларға құрама сапында ойнауға тиым салмақшы екен. Негізгі құрамның 56 ойыншысынан айырылып қалатын болса Ұлттық құрама нашарлайтыны анық. Сондықтан да, осындай шешім шынымен күшіне енетін болса мен қызметімнен кетемін деді уругвайлық маман.