Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов келесі жылдан бастап қызылордалық "Қайсардың" сапында ойнайды, деп жазады отандық БАҚ.

Келесі маусымнан бастап Байжанов "Қайсардың" намысын қорғамақ. Сонымен қатар, ол командадағы көп жалақы алатын футболшылардың қатарынан табылатыны да белгілі болды.Байжанов қызылордалық клубтың түлегі екенін айта кетуіміз керек. "Қайсардан" бөлек футболшы "Ертіс", "Шахтер", "Ақтөбе", "Локомотив", "Жетісу" және "Атырау" клубтарында ойнаған.

Қазақстан құрамасының сапында жартылай қорғаушы 26 матч өткізіп, бір гол соқты. Естеріңізге сала кетейін, осы жылы "Қайсар" Премьер-лигаға қайта оралған болатын. Келесі маусымда команда тізгінін болгариялық маман Стойчо Младенов ұстайды.