Ресейлік теннисші Александр Бубликтің Қазақстан азаматтығын алуы қаржыға байланысты. Бапкер Борис Собкин осындай пікірде.

«Оның өмірі біреу ғана, менің білуімше, отбасында қаржы жеткіліксіз. Ал қазір оған ақша қажет: бапкерге жалақы беріп, өз-өзін ақтауы тиіс. Дәл қазір оны әкесі жаттықтырып жүр. Бубликтің кетуі – ресейлік теннис үшін үлкен жоғалту. Ал азаматтықты ауыстыру себебі – қаржы. Мұнда ешқандай саясат пен идеология жоқ. Тек қана қаржылық мәселе ғана бар», - деді Собкин.

Айта кетейік, бүгін Александр Бублик әлеуметтік желіде келесі маусымнан бастап Қазақстанның атынан өнер көрсететінін айтқан болатын. 19 жастағы теннисші әлемдік рейтингіде 214-ші орында тұр.