Қазақстан Кубогының финалын "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетпек.
Финалда алматылық "Қайрат" пен ел чемпионы "Астана" Кубокқа таласпақ. Кездесу сенбі, 19-шы қараша күні, Алматыдағы Орталық стадионда өтпек. Матч Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Осыған дейін алматылық клуб қардың жауғаны ойынның өтуіне әсер етпейді деп мәлімдеген болатын.