Ағылшын премьер-лигасы осы маусымда бейнеқайталау технологиясының бейресми сынағын жүргізуде, деп жазады The Telegraph.

Басылымның берген ақпараты бойынша, бұл технологияны мамандар 12 матчта қолданып көрген. Әр ойына видеоассистенттердің көмегін қажет ететін 2-4 төреші шешімі тіркеліп отырған.

Егер бұл тәжірейбе оң нәтиже берсе, АПЛ бейнеқайталауды ресми түрде сынап көруге рұқсат сұрамақ.