Уругвай мен "Барселонаның" шабуылшысы Луис Суарес тағы да дисквалификация алуы мүмкін, деп жазады AS.

Чилимен болған матчтың соңында шабуылшы чилилік жанкүйерлерге ортаңғы саусағын көрсеткен. Өткен жылы осындай қылығы үшін чилилік футболшы Эдуардо Варгас ойыннан шеттетілген болатын.

Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін футболшы расизм, сумуляция жасаған үшін, әдейілеп қолмен ойнағаны үшін және екі рет қарсыласты тістегені үшін дисквалификация алған.