Екінші электронды сатылым 16-шы қараша күні өтуі тиіс еді. Бірақ, клубтың бағасы екі есеге арзандап, голландиялық әдіспен сатылғанына қарамастан сатып алушылар бой көрсетпеген.

Естеріңізге сала кетейін, сатылымға шыққан мемлекеттік үлестің жартысы 95 млн теңгеге бағаланған. Бірақ сатып алушылардың табылмауына байланысты, сатылым жүзеге аспаған.

16-шы қараша күні дәл осы үлес 47 млн 957 мың теңгеге бағаланды. Дегенмен осы жолы да сатып алушылар табылмады. Қостанай облысының қаржы басқармасының ақпараты бойынша, келесі сатылым, заң бойынша соңғысы, 20 жұмыс күнінен кейін өтеді. Нысанның бағасы тағы екі есеге арзандамақ.