Футболшы мен Алиса Казьмина 1-қыркүйек күні Санкт-Петербургте некелесті, деп хабарлайды  life.ru.
Алматылық «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавин  Алиса Казьминамен отбасын құрды. Үйлену кешінде футболшының бірнеше достары мен Алисаның балалары болды.  
— Қонақтар көп болмады. Шараның дәл уақыты соңғы уақытқа дейін құпия сақталды. Тіпті, кейбір туыстардың өзіне бұл жаңалық күтпеген жағдай болды, — деп айтты қонақтардың бірі.
Естеріңізге сала кетейік, футболшы осыған дейін Юлия Барановскаямен азаматтық некеде болған. Екеуі 9 жыл бірге тұрып, үш баланы дүниеге әкелген. 2012 жылы екеуі ажырасқан болатын.