Велокөпкүндіктің 11-кезеңінде лидерлер өздерінің нағыз мықтылықтарын дәлелдеп берді. Олар мәре сызығын да алғашқы болып кесіп, өзара секундтардың да аражіктерін айқындатып алды. Астурия паркінен басталған жарыс 168 шақырымға жалғасып Пенья Каберга деген елді мекенде аяқталды. Басты фаворит Крис Фрум мәре сызығын бірінші кесіп қарсыластарын, шаң қаптырды. Алайда, оның қасынан бір елі де ажырамаған Наиро Кинтана 54 секундтың басымдылығын сол күйі сақтап қалды. Ал "Астана" командасының капитаны Микеле Скарпони кезеңді алғашқы ондықта аяқтады. Ол лидерден 14 секунд кеш жетті. 

Астурия мұражайы - Пенья Кабарга, 168.6 ш 
 1 Chris Froome (Gbr) Team Sky 03:44:47 
 2 Nairo Quintana (Col) Movistar 00:00 
 3 Alejandro Valverde (Esp) Movistar 00:06 
 4 Leopold Konig (Cze) Team Sky   
 5 Alberto Contador (Esp) Tinkoff 00:08 
 6 Simon Yates (Gbr) Orica-BikeExchange 00:13 
 7 Michele Scarponi (Ita) Astana 00:14 
 8 Esteban Chavez (Col) Orica-BikeExchange 00:19 
 9 Pierre-Roger Latour (Fra) AG2R 00:22 
 10 Samuel Sanchez (Esp) BMC 00:30 

 

Бүгін кешке жарыстың 12-кезеңі жоспарланып тұр. Лос-Корралес-де-Буэльна деген елді мекеннен басталатын жол 193 шақырымға созылып Бильбао қаласында аяқталады. Таулы кезеңге жататын жарыс жолында біз тағы да елордалық шабандоздарға сеніммен қараймыз. "Астана" жігіттері жұмыла жұмыс істеп Скарпониді алға сүйресе, италиялық капитанымыз таулы аймақтарда өз-өзін көрсетуі тиіс. Егер де Контадор, Кениг, Иейтс секілді үш шабандоздардан 1 минут уақыт озатын болса Скарпони алғашқы бестіктің қатарына енуі әбден ықтимал. Сондықтан да біз Скарпониге сенім артып, бүгінгі жарыс жолына үмітпен қарайлайтын боламыз. 

 

 11 кезеңнен кейінгі басты классификация: 
 1 Nairo Quintana (Col) Movistar 42:21:48 
 2 Chris Froome (Gbr) Team Sky 00:54 
 3 Alejandro Valverde (Esp) Movistar 01:05 
 4 Esteban Chavez (Col) Orica-BikeExchange 02:34 
 5 Alberto Contador (Esp) Tinkoff 03:08 
 6 Leopold Konig (Cze) Team Sky 03:09 
 7 Simon Yates (Gbr) Orica-BikeExchange 03:25 
 8 Michele Scarponi (Ita) Astana 03:34 
 9 David De La Cruz (Esp) Etixx - Quick Step 03:45 
 10 Samuel Sanchez (Esp) BMC 03:56 

Ермұхамед МӘУЛЕН