«Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси загребтік «Динамоға» ауысуы мүмкін.

Алдымен Хорватия чемпионы швейцариялық «Люцерннің» жартылай қорғаушысы Якоб Янчерді сатып алмақ болған. Бірақ бұл трансфер жүзеге асқан жоқ. Кейін «Динамо» Твумасиге назарын аударды.

Айта кетейік, ганалық Патрик Твумаси «Астана» сабында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Ал «Динамо» болса, биылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткен болатын.