«Астана» футбол клубының ресми сайты хабарлауынша, Агим Ибраими Македония құрамасына шақыртылды. 

Естеріңізге сала кетсек, 5-ші қыркүйек күні, 2018-ші жылы өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Македония құрамасы Албаниямен кездеседі. 

Македонияның бас бапкері Игор Ангеловски бұл ойынға елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Агим Ибраимиді шақырды.

Ибраими Ұлттық құрама сабында 36 матч өткізіп, 7 гол соққан болатын.