Германия елінің диск лақтырушысы аяғымен жарықты өшіремін деп арқасын жарақаттап алып, Олимпиада жүлдесінен тыс қалды. 

2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Роберт Хартинг іріктеуде 15-орын алып, финалға өте алмады. ARD  баслымына берген сұхбатында атлет жарыс алдында арқасын жарақаттап алғаны жайлы айтты. 

- Мен төсекте жатып, аяғыммен электр жарығын өшіргім келді. Сол кезде мен арқамның ауырғанын сездім. Бірақ мән бере қоймадым. Келесі күні ауыр жарақат алғанымды түсіндім, – деді Хартинг.