Рио Олимпиадасының сегізінші сайыс күнінде Қазақстанның қоржынына медаль түспеді.

Нәтижесінде еліміз медальдар есебі бойынша 16-шы орынға түсіп қалды. Еншімізде 7 медаль бар - 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

Көш басында келе жатқан АҚШ бүгінге дейін 60 медаль алып үлгерді - 24 алтын, 18 күміс және 18 қола. Екінші орындағы Қытайда да жүлде аз емес - 41 (13-11-17). Үздік үштікке Ұлыбритания спортшылары тұр - 30 (10-13-7).

Айта кетейік, Рио Олимпиадасына қатысып жатқан 207 елдің 61-і медаль еншілей алды.