Допинг қабылдады деген күдікпен уақытша жарыстардан шеттетілген Светлана Подобедова, Риодағы Олимпиада ойындарында, 75 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін талас болмайтынын айтты. 

«Бүгін 75 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады. Солтүстік Корея елінің спортшысы Лим Джон Лимге сәттілік тілегім келеді. Естеріңізде болса, Хьюстондағы әлем чемпионатында ауыр жарақат алып, соңына дейін күрескен болатын. Ол қазір жеңіске лайық жалғыз спортшы. Алтын медаль үшін талас болмайтыны анық. Свтелана Подобедова, Надежда Евстюхина және бірнеше спортшының жарыстан шет қалуы... Қалғаны таласқа түсе алмайды», — деп жазды Подобедова «Instagram» парақшасында.