Австралиялық Алекс Хартман жұмыс пен жаттығуды бірге алып жүрген. 

23 жастағы жеңіл атлет қаржылық жағдайларға байланысты тек жаттығу жұмыстарымен айналыса алмаған. Тоғыз жыл бойы «Big W» универмагында жұмыс жасап, жергілікті паркте арманын орындау үшін жаттығу жасаған, деп хабарлайды Сouriermail.com.au.

Хартман көктемде Австралия құрамасының сабында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алған. Спортшы 200 м қашықтыққа жүгіруде бағын сынайды. Өзінің айтуынша, ол Усэйн Болтпен бір жолақта жүгіруді армандайды.