Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин әріптестерін қолдау үшін Рио-де-Жанейроға барып, Денис Улановтың жарыстағы нәтижиесі жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды   ProsportKz.kz тілшісі.

- Денис Улановтың нәтижесі жайлы не ойлайсыз? Қателіктер болды ма?

- Қазір нақты шешім қабылдай алмаймыз. Біз Қазақстанға келгенде қателікпен жұмыс жасаймыз. 

- Ол неге медаль алмады? 

- Олимпиада ойындарында  мықты спортшылар өте көп. Тао Тян - тамаша спортшы. Румыниялық спортшы да жақсы жағынан көрінді. Мүмкін, біздікілер тәуекелге баруы керек еді. 216 кейін 217 кг тапсырыс беру керек. Денси көтеретін еді. Бірақ мен ешкімді кінәләй алмаймын. Екінші кезекте 215 кг көтеріп, үшіншісінде 218 кг тапсырыс берсе жақсы болар еді. Денис әлі жас спортшы. Оны кінәләй алмаймыз.

- Зайчиковтан не күтеміз?

- Бір ғажайыптың орын алатынына үміттімін. Жеңіс күтеміз.