Олимпиаданың күміс жүлдегері, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл «Жас қазақ» басылымына берген сұхбатында Рио ойындарынан тапқан сыйақысын қайда жұмсайтынын және қашан тұрмысқа шығатынын айтты.

–  Бұл жолғы жеңісіңнің жүлдесін қайда жұмсайсың?

–  Енді бұл жолғы жоспарым ерекше. Сіңілімді  емдетуге жіберем, ал қалғанын ата-анам шешеді.

–  Тұрмысқа шығу ойыңда бар ма?

– Менің бұл Олимпиададан алтын алам деген жоспарым болған еді. Бірақ ол бұйырмағандықтан, қазір тұрмысқа шықпаймын (күлді). Алтын медаль алғасын тұрмыс құрамын! Келесі жылдан бастап, салмақ өзгереді. Оның қандай болып өзгеретіндігін,  алдағы уақытта белгілі болады. Бапкерлермен ақылдасамыз.

– Жарыстағы межеңді орындадың. Енді демалысқа шығасың ба?

– Иә. Мен бұл уақытта емделемін деп отырмын.