Рио Олимпиадасының жетінші сайыс күнінде Қазақстанның қоржынына медаль түспеді.

Нәтижесінде еліміз медальдар есебі бойынша 14-ші орынға түсіп қалды. Еншімізде 7 медаль бар - 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

Көш басында келе жатқан АҚШ бүгінге дейін 50 медаль алып үлгеріпті - 20 алтын, 13 күміс және 17 қола. Екінші орындағы Қытайда да жүлде аз емес - 37 (13-10-14). Үздік үштікке Ұлыбритания көтерілді - 22 (7-9-6).

Айта кетейік, Рио Олимпиадасына қатысып жатқан 207 елдің 59-ы медаль еншілей алды.