Рио Олимпиадасында жеңіл атлеттерге арналған стадионда әйелдер арасында 100 метрге жүгіру жарысы өтті.

Аталмыш сайыста қазақстандық Виктория Зябкина бақ сынаған. Ол 100 метрлік қашықтықты 11.69 секундта жүгіріп өтіп, өз тобындағы сегіз спортшының ішінде бесінші орын алды.