Қазақстандық ескек есушілер Владислав Яковлев пен Светлана Германович, Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Өкінішке орай, олар жоғары нәтиже көрсете алмады. 

F финалында (41-ден төмен орындар) ерлер арасындағы жарысқа тек екі спортшы шықты. Яковлевке ливиялық Альхуссейн Гамбор қарсылас атанды. Яковлев сенімді түрде жеңімпаз атанып, жалпы есепте 41-орынға табан тіреді. 

Светлана Германович әйелдер арасындағы  E финалында (32-40 орын аралығы) жарысқа шықты. Қазақстандық жарыс барысында төртінші келе жатқан. Соңғы 500 метрде жылдамдық қосып, екінші орынды иеленді. Жалпы есепте 33-орынға ие болды.