Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиадада бокстан 56 келі салмақ дәрежесінде өнеріп көрсетіп жатқан Қайрат Ералиев әзірбайжандық Джавид Челебиевпен кездесіп, өз қарсыласын 2:1 есебімен жеңген болатын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.Залда отырған жанкүйерлер қазақстандық боксшының соңғы раундта көрсеткен өнеріне тәнті болды. Ералиев қорғаныстың шебер тактикасын көрсете білді. Қарсылас қанша соққы жасаса да, дәл тигізе алмады. Жанкүйерлер Қ.Ералиевтің қорғанысын Моххамед Әлидің стилімен салыстырды.