Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мысырлық Мохаммед Махмуд қазақстандық чемпион Нижат Рахымовтың қанында допинг бар деген болжамын айтты.

Рахымовтың көрсеткіштері тым жоғары екенін тілге тиек еткен мысырлық қазақстандықты допинг-тексерісте мұқият бақылау керек деді. Ал қытайлық БАҚ Рахымовтың алтынын қытайлық зілтеміршіге беру керек деп шулады. Олардың айтуынша, Нижат 212 келіні көтергенде артық қимылдаған.