Рио Олимпиадасының алтыншы сайыс күні Қазақстанның қоржынына медаль салмады.

Нәтижесінде еліміз медальдар есебі бойынша 12-ші орынға түсті. Еншімізде жеті медаль бар - 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.

Көш басындағы алғашқы үштік өзгерген жоқ. АҚШ бірінші орында келед - 38 медаль (16 алтын, 24 күміс, 10 қола). Қытай болса, екінші орында тұр - 30 (11-8-11). Үздік үштікті Жапония спортшылары түйіндейді - 22 (7-2-13).

Бүгін қазақстандық спортшылардан кімдердің сынға түсетінін мына сілтемеден қарай аласыздар.