Олимпиада чемпионы, әлем рекордын орнатқан Ниджат Рахимов ProsportKz.kz тілшісіне Олимпиададан алған әсерімен бөлісті. 

 

- Рекордқа барғаныңызда, 214 келіні көтеретініңізге сенімді болдыңыз ба?

- Жалпы, мен осы үшін жаттықтым. Серпе көтеруге жақсы жұмыс жасадым. Маған Құдайдың өзі көмектесті.

 

- Осындай салмақты қойған жаттықтырушыңызбен келістіңіз бе?

- Иә. Себебі, жоспар бойынша 209, 212 және 214 келі көтеру керек болғам. Мен Алексейге бірінші көтергенімде медаль үшін, екінші көтергенім жеңіс үшін жеткілікті болуын сұрадым. Үшінші мәрте шығуымның керегі шамалы болды.

 

- Қытайлықты жеңгеніңді қалай білдің?

- Ол 197 келіге ауыстырған кезде білдім. Мен басында 202 келіден бастап, 209 одан ары 212 келіге барамыз деп ойлағанмын. Мен Геннадьевичке екінші кезегімде қанша керек болса, сонша көтеретінімді айттым, - деді Олимпиада чемпионы.