Қазақстандық Дмитрий Баландин ресейлік басылымдарға берген сұхбатында оның Олимпиададағы жеңісінен кейін бүкіл ел тойлайтынын айтты.

Баландин Рио-де-Жанейрода брасс тәсілімен 200 метрге жүзу бойынша алтын медаль алса, ресейлік Антон Чупков қола жүлде еншіледі.

«Менің жеңісімнен кейін бүкіл Қазақстан бүгін тойлайды деп ойлаймын. Жеңісіме таң қалмаймын, біз осы нәтижеге келе жатқанбыз, бәрі қолымнан келді. Антон Чупковпен жақсы доспыз, call room-да үш минут қана шыдасақ, бәрі аяқталатынын айттық.

Мен әзірше бұл жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль екенін толық сезініп үлгерген жоқпын», - деді Баландин.