Түнде Наджит Рахимовпен бірге сынға түскен армениялық Андраник Карапетян жарыс кезінде ауыр жарақат алды.

20 жасар ауыр атлет серпе көтеру кезінде 195 келі зілтемірді көтеру барысында шынтақ буынын шығарып алды. Карапетян дәрігерлердің қарауымен жарысты тоқтатты.

Әзірше Андраник мансабын жалғастыра ала ма, жоқ па, белгісіз.

Айта кетейік, Карапетян жұлқа көтеруде алтын медаль алған Ниджат Рахимовтан 9 келіге озып, алтынға басты үміткерлердің бірі болған еді.