Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан ерлер арасында 77 келіге дейін салмақ дәрежесінде еліміздің намысын Ниджат Рахимов қорғады.

Жұлқа көтеруде Нижат 175 келі зілтемірді ғана көтеріп, басты қарсыластары армениялық Андраник Карапетяннан 9 және қытайлық Люй Сяоцзюньнен 12 келіге қалып қойды.

Нәтижесінде серпе көтеру жаттығуында қазақстандық атлетке көп тер төгуге тура келді. Карапетян сайыс барысында ауыр жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалған. Ал қытайлық Сяоцзюнь 202 келіні көтеріп тастады. Енді Рахимовқа 214 келі зілтемірді бағындыру қажет еді, Нижат бұл салмақты еңсеріп, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. 

Ал қола медаль мысырлық Мухаммед Ахмет Махмудке бұйырды.