Бокстан Ресей ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк өз шәкірттерін қатты сынға алды.

«Риоға жолаушылар келді. Олар жәй ғана туристер! Олардың көздерінен жеңіске деген жігерді көрмеймін. Олар өздерін аяйды. Олимпиадаға жолдама алды - болды. Ал сен қасық қаның қалғанша жұдырықтасуың керек!

Маған Олимпиаданың жәй ғана қатысушылары керек емес. Маған жауынгерлер керек», — деді Лебзяк.