Рио Олимпиадасының төртінші сайыс күнінен кейін Қазақстан медаль есебі бойынша 30-орынға түсті.

Біздің қоржынымызда бір күміс пен үш қола бар. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан 207 елдің ішінде 30-шы орында тұр.

Спортшыларымыз алтын жүлде алмаса, медальдар есебінде алға шығу қиын. мысалы, Олимпиада тұңғыш рет қатысып жатқан Косово елі бір ғана алтынмен 19-шы орында тұр.

Медальдар есебінде АҚШ әлі де болса көш бастап келеді - 26 медаль (9 алтын, 8 күміс, 9 қола). Екінші орында Қытай тұр - 17 (8-3-6). Ал үшінші орынға Аустралияны ығыстырып, Венгрия көтерілді - 6 (4-1-1).

Бүгінде дейін Рио Олимпиадасында 40 мемлекет жүлде алды.