Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға жолдама алды.  

Жерлесіміз 200 метрді 2 минут 9 секундта жүзіп өтіп, үшінші нәтиже көрсетті. Ең үздік көрсеткіш британиялық Эндрю Уиллисте (2:08.92), германиялық Марко Кох іріктеуде екінші орын алды.

Енді ертең Дмитрий Баландин жартылай финалда бақ сынайды.