Букмекерлік кеңселердің болжамына сүйенсек, бүгін ауыр атлетикадан әйелдер арасында 63 келіге дейін салмақ дәрежесінде қытайлық зілтеміршілер топ жаруы ықтимал.

«Олимп» БК-ге сүйенсек, үш дүркін әлем чемпионы қытайлық Дэн Вэйге алтын жүлде алуға ешкім кедергі келтіре алмайды. Оның жеңісіне - 1.3 коэффициент. Қытайлық Тайпей спортшысы Линь Цзу Чиге 5.25 кф. берілген. Қытайлық тағы бір ауыр атлет Чхве Хе Сим де жүлдеге үміткерлер қатарында - 8.75 коэффициент. Ал қазақстандық Карина Горичеваның алтын медаль алуына 12.5 кф. ұсынылды.

Ал алтын жүлде емес, үздік үштікке ену бойынша букмекерлік кеңсенің ұсынған коэффициенттері (1-3-ші орын):

Дэн Вэй - 1.05 кф

Линь Цзу Чи - 1.55

Чхве Хе Сим - 1.65

Карина Горичева - 2.25

Мерседес Перес (Колумбия) - 4