«Куньлунь Ред Стар» басшысы Владимир Кречин, Дамир Рыспаевтың төбелесінен кейін, клуб Қазақстан полициясына шағым түсіргенін айтты.

«Біз барлық инстанцияларға шағымдандық. Оның ішінде Қазақстан полициясына да», - деп  Кречиннің сөзін  ТАСС келтірді.Үшінші минутта Рыспаев, «Куньлуньның» үш ойыншысымен кезек-кезек төбелесті. Кейін қытайлық клубтың қосалқы құрамына шабуыл жасады. Қытайлық команданың бас бапкері команданы алаңнан алып кетіп, оларға техникалық жеңіліс берілді.