Польшалық Томаш Зелинский 94 келіде жарыс жолына шығуға тиіс еді. Рио-де-Жанейрода допинг-тесттен өте алмай, Олимпиададан тыс қалды. Бұл туралы польшалық TVN24 абарлады.

Спортшының дпоинг сынамасында анаболикалық стероид - нандролон табылған. 

Айта кетейік, осы жылы Томаш Еуропа чемпионатында топ жарған. Ал, екі жыл бұрын өзінің бауыры Адриан Зелинскийге жеңіліп, Еуропаның күміс жүлдесін қанжығаға басқан.