Қазақстандық зілтемірші  Фархад Харки Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

62 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Фархад қос сайыстың қорытындысы бойынша 305 келіні (135+170) бағындырып, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Ал бұл сайыстың «алтынын» колумбиялық Оскар Фигероа Москейра (142+176) жеңіп алса, индонезиялық Эко Ираван (142+170) күміс медаль еншіледі.