Намибиялық боксшы Джуниус Джонс Рио-де-Жанейро қонақ-үйінде қызмет ететін даяшы қызды зорламақшы болған.

Al Jazeera басылымының мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті полицейлер жас қызды зорламақшы болған 22-жастағы боксшыны қамауға алды. Осылайша, Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында өз елінің туын көтерген спортшы жарыстан шеттетілді.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында полиция өкілдері екі қызды зорламақшы болған маррокалық боксшы Хассан Сааданы қамауға алған болатын.