Нидерланд велошабандозы Аннемик ван Влютен Рио Олимпиадасында жарыс кезінде тізгінді игере алмай, жол бойындағы бордюрге соғысты.

Салдарынан спортшы қыздың омыртқасы үш жерден сынып кеткен және миы шайқалған, - деп хабарлайды Reuters.Спортшы ауруханаға жеткізіліп, интенсив терапия бөліміне жатқызылды. Нидерланд құрамасының бас дәрігері Кеес ван Хугенбанд Аннемик ван Влютеннің ауыр зақым алғанын, бірақ жағдайы тұрақты екенін хабарлады.