«Сан-Антонио Сперс» соңғы кезеңде сәтті ойнап, сонымен қатар, «Майами Хиттің» көшбасшысы Леброн Джеймстің жарақат алып қалғанының арқасында ҰБА-ның финалдық сериясының бірінші матчында жеңіске жетті.

Алғашқы үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Сперс» 74:78 есебімен жеңіліп жатты. Қонақтар біраз уақыт бойы басымдыққа ие болды. Алайда кейін Леброн Джеймс аяғын ауыртып алып, қосалқы құрамда отыруға тура келді. Сосын ойынға, тіпті, шықпады. Дәл осы кезде Дэнни Грин бастаған алаң иелері іске кірісті. «Майами» соңғы минуттарда өз ойынын жоғалтып алды, нәтижесінде Грег Попович шәкірттері 110:95 есебімен жеңіске жетті.

 

«Сан-Антонио Сперс» – «Майами Хит» 110:95 (26:20, 28:29, 20:29, 36:17)

«Сан-Антонио»: Данкан (21), Паркер (17), Джинобили (16), Сплиттер (14), Грин (13), Белинелли (9), Миллз (7), Леонард (6), Диао (2, 10 подборов)

«Майами»: Джеймс (25), Уэйд (19), Бош (18), Аллен (16), Льюис (10), Чалмерс (3), Андерсен (2).