Алматыда наурыздың 26-сы мен 27-сі «Достық» спорт кешенінде қазақ халқының атақты палуаны Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін дәстүрлі Республикалық турнир өтеді.

Аталмыш додаға Қазақстанның барлық аймағынан 1997-1999 жылы туған палуандар қатысады. Турнир 26 наурыз күні сағат 09:00-де басталады.