20. Valde - бір рет MVP, үш рет "North" сапында жеңімпаз атанып, 3 рет қола жүлде иегері атанған.

19. Ropz - "mousesports" құрамында 3 рет жеңімпаз атанып, 1 рет екінші орынды жеңіп алған болатын.

18. Rain - Ховард "rain" Найгард "Faze Clan" командасының ойыншы ретінде 3 турнирде жеңіске жетіп, 2 рет екінші орынға ие болды, оның бірі ELEAGUE Major 2018, яғни әлем чемпионаты.

17. Autimatic - "Cloud9" командасының сапында ELEAGUE Major 2018 жеңімпазы атанып, cs_summit турнирінде екінші орынға ие болған.

16. Sunny - бір жарым жыл көлемінде "mousesprots" сапында өнер көрсетіп, 2018-ші жылы командасымен бірге ESL One New York 2018, V4 Future Sports Festival және StarSeries i-League Season 4 секілді әлемдік дәрежедегі турнирлердің жеңімпазы атанған.

15. EliGE - үш жыл қатарынан "Team Liquid" командасында өнер көрсетіп, өткен жылы cs_summit және SuperNova Malta 2018 турнирлерінде бірінші орынға ие болған.

14. Oskar - "mousesports" сапында өнер көрсететін кезекті ойыншы "ESL One New York 2018" турнирінің жеңімпазы атанып, V4 Future Sports Festival чемпионатында HLTV нұсқасы бойынша үздік ойыншы атағын жеңіп алды.

13. Xyp9x - 2018 жылы Лондонда өткен "FACEIT Major London 2018", сонымен қатар ірі 9 турнирдің жеңімпазы атанып, Intel Grand Slam дәрежесіне ие болды.

12. Twistzz - 2017 жылдың сәуір айынан бері "Team Liquid" намысын қорғап жүрген ойыншы cs_summit және SuperNova Malta 2018 турнирлерінде бірінші орынға ие болып, ESL One New York 2018 чемпионатының ең бағалы ойыншысы болып танылды.

Тізім толықтырылып отырады. Жылдың үздік ойынышысын 20- қаңтар күні білетін боламыз.